«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЫҒЫРЫҚҚА АПАРАР ЖОЛ

Жыл басынан бері облысымызда есірткімен байланысты 299 қылмыс жасалыпты. Осы кезеңде 395 килограмм есірткі тәркіленіпті. Адамды орны толмас өкінішке, бақытсыздыққа ұшырататын есірткіге елітіп жүргендердің дені – жастар. Оларды қоғамның айықпас дертіне айналған нашақорлықтан сақтандыру мақсатында облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының мамандары әртүрлі шаралар ұйымдастырып келеді.

Облыс орталығындағы №8 орта мектепте өңір жастарының қатысуымен осы тақырыпта өткен кездесуді басқарма бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Елена Ваганова жүргізді. Жиын барысында ол өрендерге спайс синтетикалық есірткі затының зияны жайында әңгімелеп берді. Содан кейін жасөспірімдерге спайстан келетін қауіп жайында деректі фильм көрсетілді.

– Қолжетімді және арзан есірткі заттары жастар арасында тез таралады. Алдағы уақытта сақтандыру шараларын әлеуметтік ұстаздармен, нарколог-дәрігерлермен бірлесіп өткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері Жанар Байғазина.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp