Шетелдік инвесторлар өңірде тыңайтқыш шығаратын бірнеше зауыт салуды жоспарлап отыр. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов ресейлік «УА» компаниясының басқарушы директоры Елена Филиппова және «ГринДар» компаниясының директоры Евгений Усаченкомен кездесті.
Облыс аудандарында органикалық тыңайтқыштар өндіретін бірнеше зауыт салу жоспарланған. Инвестициялық жоба жүзеге асқан жағдайда диқандар жергілікті сапалы тыңайтқыштармен қамтамасыз етіледі.
«Мемлекет тарапынан шетелдік инвесторларға жобаны қысқа мерзімде іске асыру үшін барлық қажетті көмек көрсетіледі. Біз инвесторларға жобаның барлық кезеңінде қолдау білдіреміз», – деп атап өтті өңір басшысы.
Биыл алқапқа 333 мың тонна минералдық тыңайтқыш сіңіру жоспарланған. Жаңа кәсіпорынның салынуы өңірдің агро-өнеркәсіптік кешенінің дамуына елеулі үлес қоспақ.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».