«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЫҢ ИДЕЯҒА ҚОЛДАУ БАР

“Zhasproject” жобасына былтыр республикамыздың алты облысынан 3500 жас қатысып, өздерінің бизнес саласындағы тың идеяларын жолдаған болатын. Жоба аясында республика бойынша мыңнан аса азамат 1 млн. теңгенің грантына ие болды. Солардың қатарында Уәлиханов ауданында тұратын ағайынды Нұрболат, Әділ, Анар, Мәулетбай Құрмановтар мен Бақтияр Әубәкіров те бар.

Олар мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап ағаштан ойыншықтар жасап шығарған. Идея Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжінің үшінші курс студенті Әділ Құрмановқа тиесілі.

– “Zhasproject” жобасына қатысу туралы өтініш келіп түсті. Екі жұма ішінде ойыншық үйлердің үлгісін әзірлеп шығардық. Аз уақытта дайындалған жоба арқылы үш бірдей іріктеу кезеңінен өтіп, грант ұтып алғанымыз – біз үшін үлкен жетістік, – деген Әділ ұтып алған қаржысына лазерлік аппарат сатып алып, осындай екі үй жасап үлгеріпті.

Авторлар жобаны әрі қарай да жүзеге асырмақ ниетте.

Индира ЖОЛДАЯҚОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp