Қазақстанда тізімдеме жүйесін құру жөніндегі жұмыс 1998 жылы бухгалтерлік есепті дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама қабылданған соң басталды. Келесі жылы СТ РК 1.10 және СТ РК 1.11 сияқты алғашқы мемлекеттік стандарттар қабылданды.
Мемлекеттік РК 1.10 стандарты жүйенің нысандар, мақсаттар, міндеттер және ұйымдық құрылым секілді негізгі ережелерін бекітті. Республика аумағында қандай мемлекетаралық немесе ұлттық стандарттар, техникалық жағдайлар, ұйымның стандарты немесе техникалық құжат бойынша шығарылғанына қарамастан, өндірілген және саудаға түскен өнімдер осы жүйеге жатады.
Ұйымдық құрылымға уәкілетті орган (Мемстандарт), Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімдер тізімдемесін қалыптастыруға және жүргізуге жауапты ұйым (“КазИнСТ” РМК), жеткізушілер мен жүйені пайдаланушылар енгізілді. Өндірісшілер тізімдеме жүйесінде ақпаратты негізгі жеткізушілер, ал мүдделі мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар жүйені пайдаланушылар болып табылады. Әр құрылымдық бірлікте жүйеге қатысты оның рөлі мен міндеттері айқындалған.
Жүйені қалыптастыру үшін негізгі құжат мемлекеттік СТ РК 1.11 стандарты бойынша өнімнің тізімдемелік парақшасы, ал жүйенің шығыс құжаты “Қазақстан Республикасы өнімдерінің тізімдемесі” болып табылады, онда ықтимал тұтынушыларға өнімдер туралы ақпарат орналастырылған.
Қазақстанда тізімдеме жүйесін құру нарық жағдайында өнімдерге тапсырыстың, жасаудың, өндірудің, жеткізудің, пайдаланудың, жөндеудің, сақтаудың және кәдеге асырудың техникалық-экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, елімізде тізімдеме жүйесі заңнамалық түрде бекітілген жоқ және міндетті емес сипатта болды. Соның салдарынан бірқатар кемшіліктер орын алды, өйткені ол негізінен техникалық жағдай, ал 2004 жылдан бастап ұйымның стандарты бойынша өндірілген өнімдерді қамтыды.
Бүгіндері елімізде мемлекетаралық және ұлттық стандарттармен шығарылатын өнімдер 65 пайызға жетті, алайда, олар “Қазақстан Республикасы өнімдерінің тізімдемесіне” де, мемлекеттің сатып алу тізіміне де енгізілмеген.
Жабдықтаушылар, өндірісшілер және тұтынушылар арасындағы қажетті тығыз байланыстың болмауы кәсіпкерлермен өткізілген әртүрлі кездесулерде, жиналыстарда және т.б. талқыланатын. Тізімдеме жүйесіне Қазақстанда және Кеден одағында жасалған техникалық реттеу жүйесі әсер етті. Бұл жүйеде халықаралық, мемлекетаралық және ұлтаралық стандарттарды пайдалануды көздейтін техникалық регламенттер талаптарына сәйкес өнімдер өндірісіне міндетті қажет кез келген құжаттар есепке алынады.
Өнім өндірушілер, жеткізушілер және тұтынушылар арасындағы тізбекте негізгі байланыстырушы буын ретінде тізімдеме жүйесінің маңызын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылы “Техникалық реттеу туралы” Заңға өзгерістер енгізді. Соның нәтижесінде тізімдеме жүйесінің заңнамалық негізі жасалып, нормативтік-құқықтық актілер қабылданды, қолданыстағы стандарттар қайта қаралды. Бұл жүйенің келешегі мен артықшылықтары көп екенін айта кеткен жөн, оларды кәсіпкерлер мен мемлекеттің мүдделері үшін дұрыс пайдалану қажет.
Өнімдерді тізімдеуді ұйымдық-техникалық ақпараттық жүйе деп атауға болады, ол мыналарға мүмкіндік береді:
– мемлекеттік органдар мемлекеттік және жергілікті қажеттілік үшін өнімдерге тапсырыс беру мен сатып алу мәселелерін реттейді;
– өндірісшілер қандай өнімдер мен тауарлар шығару қажеттігі туралы шешімдер қабылдайды, шикізаттар мен материалдар, жинақтаушы бұйымдар, қондырғылар және т.б. туралы мәліметтер алады;
– маркетингтік зерттеулер жүргізеді және тауарларын, өнімдерін сату мүмкіндіктерін айқындайды;
– отандық өнімдерді жарнамалайды;
– өнімдердің жаңа түрлерін стандарттау мәселесін шешеді;
– өнімдерді шығарушы кәсіпорындар берген тізімдеме парақшалары негізінде өндірілетін өнімдердің деректер қорын құрады және жүргізеді;
– нарықта бәсекелес ортаны қалыптастырады;
– Қазақстанның әр өңірлерінде шығарылатын өнімдер туралы қажетті ақпараттар алады.
Жобада Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында және басқа елдерде өндірілген өнімдерді сипаттайтын ақпарат жинауды қамтамасыз ететін ұйымдық-техникалық жүйе ретінде өнімдер тізімдемесінің мемлекетаралық жүйесін жүргізу көзделген. Мұндай жүйе Кеден одағы және ТМД елдері аумағында өнімдердің (тауарлардың) еркін айналымын қамтамасыз ету үшін жақсы жағдай жасайды. Өнімдердің тізімдеме жүйесі Кеден одағы мен ТМД елдері аумағында шығарылатын өнімдердің айналымын сипаттауға және бірегейлендіруге мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлердің мүдделерін ескере отырып, тізімдеме жүйесін құру және проблемаларын шешу үшін “Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалына барлық мүдделі тұлғаларды шақырамыз.
Ләззат КЕНЖЕТАЕВА,
“Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының директоры.