«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛЕГІМІЗ ДЕ, НИЕТІМІЗ ДЕ БІР

Наурыздың 11-і күні Астана қаласында Елбасының төрағалық етуімен “Нұр Отан” партиясының кезекті ХVI cъезі болып өтті. Тарихи мән-маңызы зор үлкен жиын 2000-ға жуық адамның басын қосты. Халықтың шын жүрегінен шыққан тілегін, ақ ниетін арқалап келген делегаттар бірауыздан Елбасын Президенттікке үміткер ретінде ұсынды. Осындай сын сағатта қалың қауымның қатарынан көрініп, съезге қатысқаным мен үшін үлкен мерей.

Бүгінде ата-бабамыз арман еткен тәуелсіздікке қол жеткізіп, көк туымыз көгімізде желбіреп тұр. Бұл – үлкен бақыт және баға жетпес қымбат қазынамыз. Бейбітшілік пен татулықты ту еткен егемен еліміз Елба­сы­мыздың ең өркениетті 30 елдің қатарына қосыламыз деген үлкен идеясымен қуаттанып, қарышты қадаммен алға басып келеді. Экономикамыз дамып, әр сала бойынша ілгерілеушілік анық байқалады. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап Елбасымыз өзгеге ұқсамайтын нақты бағыт ұстанып, байтақ еліміздің өзіндік бет-бейнесін қалыптастыруға үлкен күш жұмсады. Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш съезде елді бірлікке шақырып, жұртты еңбекке ұйыту жолында ойластырылған тұшымды ойларын ортаға салды. Елімізді одан әрі дамытуға бағытталған бес институттық реформа – кемел келешек үшін жасалып отырған қадам. Оның әрқайсысына жеке-жеке тоқталған Елбасымыз осы бес бағыт бойынша атқарылатын жүйелі жұмыс “Қазақстан – 2050” Стратегиясын орындауға бастар баспалдақ екенін айтып, осы мақсатқа жету жолдарын айқындап берді.  

Аз ғана уақыт ішінде төрткүл дүниемен тереземізді тең етіп, алдымызға айқын мақсат қойып, даңғыл жол ашып берген Мемлекет басшысының жылсайынғы халыққа арнаған Жолдауларында да аса маңызды мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары айқындалуда. Соның ең бас­тысы – тыныштық. Бүгінгі әлемдік дағдарыс заманында халқымыздың бірлігі арқасында барлық қиындықты жеңіп, алға баса беретінімізге сенемін.

Бақытжан СӘМИЕВА,

облыстық іскер әйелдер

қауымдастығының төрайымы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp