«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛЕК БІЛДІРУШІЛЕРГЕ ЖОЛ АШЫҚ

Тұрғындарға қазақ тілін тегін оқыту бойынша тұңғыш рет 2010 жылдан бастап Петропавл қалалық әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылған жобаны іске асыру үшін жылда қаражат бөлінеді. Осы курстың қағидаты – ұлтына, жас мөлшері мен мамандығына қарамастан, халыққа қазақ тілін меңгертумен қатар, салт-дәстүрімізді, мәдениетіміз бен әдет-ғұрпымызды осындай тегін курстары арқылы нығайту және рухани құндылықтар мен отансүйгіштік сезімдерін ояту.

Сондықтан да, бұл курсқа жас мөлшері әртүрлі адамдар жазылып, қазақ тілі сабақтарына қатысуға мүмкіндіктері бар. Тыңдаушылар құрамында жұмыссыздар мен зейнеткерлер, пошта қызметкерлері, шаштаразшылар, жүргізушілер, медбикелер, сатушылар, күзетшілер, мүгедектер, студенттер, оралмандар бар. Олар алдын ала тестілеуден өткен соң, деңгейлері бойынша іріктеліп, өз топтарында оқытылады. 

Қазақ тілі курсында тиімді нәтижелерге жетуді орталық өзінің деңгейлік бағдарламасы, оқулықтары, көрнекілік құралдары мен тиімді оқыту әдістемесі арқылы жүзеге асырады. 10 топта жалпы саны 130 адам бар.

Бүгінде тыңдаушылардың бірқатары мақал-мәтелдерді жатқа айтып, қазақ тілінде өз ойларын толығымен жеткізе алады. Топтарда өзге ұлт өкілдері басым. Жылдың аяғында тыңдаушыларға сертификат тапсырылады.

Алтынай СЫЗДЫҚОВА,

Петропал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp