«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛІҢІЗ НЕ ДЕЙДІ?

Медицина ғылымы дамымай тұрып-ақ, адамзат баласы денсаулықтағы ақауларын түрлі тәсілдермен анықтаған. Мәселен, терінің, көздің, тырнақтың, тілдің түсінің өзгеруінен адамдар бірқатар ауру түрлерін ажырата білген. Әсіресе, тіл түсінің өзгеруі сіздің денсаулығыңыздағы өзгерістер жайлы көп хабар береді.

Әдетте, сау адамның тілі қызғылт түсті, беті бүдірлі болып келеді. Ал егер тілдің бетінде ақ немесе сары қабат болса, сондай-ақ, жарылса дереу дәрігерге көріну керек. Өйткені, бұл ағзадағы В дәруменінің, темірдің, фолий қышқылының жетіспеушілігінің белгісі немесе қанның аздығы. Ал, тілде жара болса, онда денсаулықта крон немесе колит (тоқішектің қабынып ауруы) дерті бар деген сөз.

Тілдің сыртқы көрінісінен ағзадағы сұйықтықтың азайып кеткенін де анықтауға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp