Петропавл қалалық Мәдениет үйінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен ел егемендігінің 23 жылдық мерекесіне орай “Тәуелсіздік – тұғырым” атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Шараға Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері, ардагерлер, балабақшалар және денсаулық сақтау мекемелерінің мамандары, мұғалімдер мен оқушылар қатысты.
Жиынды ашқан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Кемел Оспанов мемлекеттік тілдің өңіріміздегі қолданыс аясының кеңігеніне назар аударып, оны дамытуда атқарылған бірқатар жұмыстарға тоқталды. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін облыстық әділет департаментінің қызметкерлермен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Гүлмира Бекхожинаны, “Халыққа қызмет көрсету орталығы” Аққайың аудандық филиалы жинақтау секторының инспекторы Ерлан Байтеновты, сондай-ақ, “Резерв” республикалық мемлекеттік кәсіпорны “Орбита” филиалының іс жүргізушісі Кенжегүл Мұқанова мен “Қазпочта” акционерлік қоғамы облыстық филиалының бас маманы Қымбат Құдабаеваны Алғыс хаттармен марапаттады.
Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Нұргүл ОҚАШЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.