«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ ТОҒЫСТЫ

Солтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы консулдығының қолдауымен “Онлайн режімі арқылы қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары” деген тақырыпта семинар өткізді. Бұл шараның мақсаты – Омбы облысы қазақтарының Ұлттық-мәдени автономиясына әдістемелік көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шара Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінде өтті.

Іс-шараның басында қазақ тілін оқыту бойынша оқыту-әдістемелік құралдарының көрмесі ұйымдастырылды. Содан кейін қазақ тілін және салт-дәстүрлерді насихаттайтын бейнероликтер көрсетілді.

Семинардың жұмысына Қазақстан Республикасының Омбы облысындағы вице-консулы Ұлан Әбдібеков және сауда өкілдігінің уәкілі Сара Мунаева, қазақ ұлттық-мәдени орталығының өкілдері, Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері, жергілікті жердегі мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында облысымызда және елімізде “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының” жүзеге асырылу барысы, қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары туралы айтылды, қазақ тілін оқыту бойынша жаңа оқулықтар мен бағдарламалар таныстырылды. Екі жүзден астам оқу құралы табысталды.

Семинарға қатысқан қазақ тілі мұғалімдері Петропавл қаласында біліктілікті арттыру курстарынан өтуге тілек білдірді. Қазақ ұлттық-мәдени орталығы жанынан Қазақ тілінің қоғамдық кітапханасын және Омбы қаласы қазақ тілі мұғалімдерінің қауымдастығын құру туралы ойлар айтылды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp