«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ


 

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Тілдерді білу – қоғамдық сананы жаңғыртудың басты факторы” атты өңірлік байқау өтті. Оған осы жоғары оқу орнының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы әскери институтының, Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі және Солтүстік Қазақстан медицина колледждерінің командалары қатысты. 

Тіл және әдебиет институты мен “Nur Otan” партиясының “Болашақ” филиалының мұрындық болуымен өткен шара бес турдан тұрды. Оның барысында қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бақ сынасты. Атап айтқанда, олар ең алдымен өздерінің командалары туралы бейнебаяндарды қазылар алқасы мен көрермен назарына ұсынды. Содан кейін тапсырма бойынша қойылған сұрақтарға үш тілде жауап беруден, өлең оқудан, мақал-мәтелдерді толықтыру және еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласы туралы өздерінің пікірлерін айтудан шеберлік сынасты.

Байқаудың қорытындысы бойынша Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері бірінші орынды жеңіп алды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы әскери институтының курсанттары екінші орында болса, медицина колледжінің шәкірттері үшінші орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, дипломдар және естелік кітаптар табыс етілді.

http://nkzu.kz,

сурет http://nkzu.kz сайтынан алынды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp