«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛ ҮЙІРЕР ТАҒАМДАР

Достық үйінде тағам әзірлеу бойынша өткен этно-фьюжн байқауы қорытындыланды. Жергілікті этномәдени бірлестіктердің арасында ұйымдастырылған шарада чак-чак тағамы үздік деп танылды.

Аспаздық байқауға орыс, украин, кәріс, беларус, башқұрт, татар мен тағы басқа этнос өкілдері қатысып, әзірлеген тағамдарын таныстырды. Бұл шараның басты ерекшелігі – этнос өкілдері тағамды бірлесе дайындады. Мәселен, “Радзіма” беларус мәдени орталығы мен “HAN­GUG QAZAQSTAN” қоғамдық бірлестігінің өкілдері “Пакче янкогы баранчык” тағамын пісірді. Батыс пен шығыстың ерекшеліктерін үйлестірген дәм қазылар алқасын таңғалдырды.

– “Дуслык” татар-башқұрт қоғамдық мәдени орталығы екі этносқа ортақ тағам чак-чакты ұсындық. Әр этнос оны әртүрлі дайындайды. Байқау барысында қатысушылар бұл тағамның ерекшелігі туралы да мол мағлұмат алды, – деді аталмыш этно-мәдени бірлестіктің белсендісі Раиса Рамазанова.

Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды “Дуслык” татар-башқұрт қоғамдық орталығы, екінші орындарды “Радзіма” беларус мәдени орталығы мен “HANGUG QAZAQSTAN” қоғамдық бірлестігі алды. Ал “Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы” мен “Світанок” украин мә­дени орталығы үшінші орындарды тең бөлісті. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp