Бабаларымыз: “Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес”, – дейді. Нағыз ер жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болса керекті. Білек күші мен білім-білігі сай келген азаматтар қай салада да қара үзіп шығары анық. Ер жігіттің мықтылығы сыналар доданың бірі – спорт. Спортты серік еткен саңлақтар намыс жолында жанын беруге әзір. Жүрек жұтқан жігерлі жігіттер спорттың қандай түрі болсын, жеңіске жетуді ойлайды. Олар үшін таңдаған спорт түрінің қиындығы мен қауіптілігі маңызды емес. Осы орайда әлемдегі ең қауіпті спорт түрлері туралы айтып өтпекпіз.
Түйе үстінен секіру (Йемен)
Біздегі “Құласаң, нардан құла” деген аталы сөзді йемендіктер “Секірсең, түйеден секір” деп бұрып алған секілді.
Өзіңіз ойлап қараңызшы, түйе бойының ұзындығы орта есеппен алғанда 180 сантиметр екен. Ара-арасында 2 метрден асатын түйелер де жоқ емес. Ал йемен жігіті үш түйені қатар қойып, үстінен еркін “аттап” кете береді.
Балға лақтыру (Шотландия)
Балға дегенге шеге қағатын қарапайым балға деп ойлап қалмаңыз. Ойын шарты бойынша, шамамен, 10 килограмдық гір тасын 70-80 метр қашықтыққа лақтыруыңыз қажет. Егер лақтыра алмасаңыз, бұл спорт сізге арналмаған.
(Ғаламтордан алынды).