«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮЛЕКТЕРГЕ – АҚ ТІЛЕК

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Шал ақын ауданындағы Ысқақ Ыбыраев ауылында Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектептің 16 түлегіне орта білім туралы аттестаттар тапсырды.

Өңір басшысы шара барысында оқу орнының материалдық-техникалық жағдайымен танысты, кабинеттерді аралап, спорт залын, мұражайды көрді.

Облыс әкімі спортпен белсенді шұғылданып жүрген оқушылармен жүздесті.

– Осы қарқындарыңыздан таймай, спортпен белсенді шұғылданыңыздар! Мен сіздердің жақсы спортшы болатындарыңызға сенемін. Ең бастысы – пәрменді жаттығулар мен жеңіске деген жігер керек. Аздаған уақыттан соң сіздер “Қазақстан барысында” біздің облысымыздың намысын қорғайды деп үміттенемін, – деді Ерік Хамзаұлы.

Облыс әкімінің атынан балаларға айрықша құнды тарту – екі спорт жабдығы тапсырылды.

Содан кейін түлектер өңір басшысының қолынан орта білім туралы аттестаттар алды. Ерік Сұлтанов мектеп бітірушілерді құттықтап, олардың қалаған мамандықтарына қол жеткізулеріне және қиындықтарды жеңулеріне тілектестігін білдірді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp