«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМДАР ТАПСЫРЫЛДЫ

Булаево қаласындағы кәсіптік даярлық және қызмет көрсету колледжінің түлектеріне диплом тапсыру салтанаты өтті. Биылғы жылы оқу орнының электрмен-газбен дәнекерлеуші және тігінші мамандықтары бойынша 42 түлек қолдарына орта техникалық білім туралы құжаттарын алды.

Колледж 2012 жылы ашылды. Содан бері оқу орнынан 51 түлек қанат қақты. Салтанатты жиында сөз алған колледж директоры Ермек Бәкіров бүгінгі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде кәсіби білім беруге кеңінен көңіл бөліп отырғанын, жұмысшы мамандарға елімізде сұраныс барына тоқталып өтті. Келер оқу жылында колледжде ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі мамандығы ашылатындығын да тілге тиек етті.  

Түлектерді құттықтай келген “Нұр Отан” партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Болат Қазанов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Төлеген Әбілмәжінов жастарды елі мен жерінің гүлденуіне, экономиканың нығаюына аянбай еңбек етуге шақырды.

Медет БЕКІШЕВ,

қоғамдық тілші.

 Мағжан Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp