«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮЛЕКТЕР АЛЛЕЯСЫ

Халықаралық Отбасы күніне орай “Отба­сы сағаты” республикалық акциясы өткізіліп жатыр. Осы іс-шараға “Жас өркен” шағынау­данындағы Қожаберген жырау атындағы №6 мектепте білім алып жүрген оқушылардың ата-аналары мен түлектер де атсалысуда. Олар игі іс бастап, алғаш рет түлектер ал­леясына ағаш екті.

“Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ” демекші, қазіргі таңда экология мәселесі өзекті. Сондықтан табиғатымызды аялап, қаланы көркейтуге ерекше көңіл бөлу қажет. Мектеп жанына отырғызылған көшеттер ертең жайқалып өсіп, көшеге көрік беріп қана қоймай, шаһа­рымыздың ауасын тазартуға да үлкен сеп болмақ.

Түлектер аллеясы – мектебіміздің ашыл­ғанына 25 жыл толу мерейтойына үлкен тарту. Биылғы оқу жылын жаңа ғимаратта өткізгенімізге ата-аналар мен оқушылар қуанышты. Заманауи талаптарға сай салынған жаңа ғимарат алыстан көз тартады. Енді ата-ана­лар мен түлектердің еккен ағаштары та­мыр жайып, келешекте саялы баққа айналатынына сеніміміз мол.

Светлана ӘБЖАНОВА,

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp