М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен кәсіпорындар арасында тығыз байланыс орнаған. Соның нәтижесінде өндірістік кәсіпорындар жоғары білікті кадрлар даярлауда үлкен көмек көрсетеді. Бұрнағы күні “Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” атты жұлдызды 25 күн жалпыұлттық акциясы шеңберінде инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан 3-4-курс студенттері үшін өңіріміздің ірі кәсіпорындарына арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Жоғары оқу орнының студенттері диплом алғаннан кейін қай жерде және қандай қызметте жұмыс істейтіндігін жақсы біледі. Бұл жұмыс университетте жасалған “жоғары оқу орны – кәсіпорын” серіктестігі арқасында жүзеге асырылады. Акция аясында студенттер өңіріміздің “Мұнаймаш” акционерлік қоғамының, “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және “СП ПТЗ” кәсіпорынның жұмысымен танысып, өздеріне қажетті ақпараттарға қанықты.
Кездесу барысында кәсіпорындардың озат еңбеккерлері өрендермен кездесіп, өздерінің өмір жолдарынан қызықты деректер айтып, абыроймен атқарып келе жатқан мамандығының қыр-сырымен бөлісті. Жас кадрлардың біліктілігін арттыру – өңіріміздегі кәсіпорындар үшін маңызды. Кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысқан студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Жанаргүл МЕЙРАМ,
“Солтүстік Қазақстан”.