Жуырда облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің “Көршілер бақылауы” алдын алу бағдарламасының сенім телефонына Петропавлдағы Уәлиханов көшесінің бойындағы дүкендердің бірінде түнгі уақытта спиртті ішімдіктер сатылатындығы туралы хабар келіп түсті. Заңнамаға сәйкес сатушылардың бұл әрекеті құқық бұзушылық болып саналады. “Көршілер бақылауы” бағдарламасының инспекторлары тексеру барысында беймезгіл уақытта алкоголь өнімдерін сатумен айналысқан 19 жастағы қала тұрғынын анықтады. Күдіктіге қолданыстағы заңнама бойынша хаттама толтырылып, материалдар сотқа жөнелтілді.
Жыл басынан бері “Көршілер бақылауы” бағдарламасының операторлары түрлі мазмұндағы 50-ден астам қоңырау қабылдады.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.