
ҚР СІМ Түркияның Ыстамбұл қаласындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты.
«Түрік тарапының қазақстандық консулға берген ақпаратына сәйкес, жарақаттанған Қазақстан Республикасы азаматтарының бірі жеңіл жарақат салдарынан ауруханаға жатудан бас тартып, дәрігерлер тексергеннен кейін жіберілді. Екінші азаматымыз да жеңіл жарақат алып, бүгін қысқа емдеуден кейін ауруханадан шығарылды», — делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, кеше Сабихи Гөкчен атындағы әуежайда Измир-Ыстамбұл бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген болатын. Ұшақ апатынан барлығы 179 адам зардап шегіп, 3 жолаушы қайтыс болған. Апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде 2 қазақстандық болған.
www.inform.kz