«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Түркия мен Қазақстан арасында әуе қатынасы қайта ашылатын болды

2020 жылдың 27 тамызында Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін, COVID-19-дың таралуына байланысты түрік тарапы 2020 жылдың 5 тамызынан бастап Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулер енгізген болатын. Екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша түрік тарапынан жұмыс жүргізілді. Осылайша Түркияның авиация билігінің айтуынша, шектеулерді алып тастау мәселесін Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі үйлестіріп және COVID-19 таратылуының тұрақтануы мен жақсаруын ескере отырып, түрік тарапы Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Рейстер Қазақстан мен Түркияның санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp