«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Түркия турында” топ бастады

Түркияда велоспорттан “Түркия туры” көпкүндік жарысы өтуде. Оған “Astana Qazaqstan team” клубының көшбасшысы Алексей Луценко қатысып, сайыстың үшінші кезеңінде жеңіс тұғырына көтерілді.

Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы 104,1 шақырымдық қа­шықтықты 3 сағат 34 минут 17 се­кунд ішінде бағындырып, Бабадаг шыңына бірінші болып жетті.

– Бұл жарыс өте қиынға соқты. Мәре тым биікте болды. Әр метр сайын жоғарылай берді. Әріптесім Харольд Техада маған көп көмек­тесті. Бес жыл бұрын алған күмі­сімді биылғы “Түркия турының” ал­тынына ауыстырғым келеді. Бірақ бұған қол жеткізу оңай болмайды, өйткені әлі де көптеген қиын кезеңдер бар. Дегенмен жеңіске жету үшін барымды саламын, – дейді Алексей Луценко.

“Түркия туры” көпкүндік жары­сының үшінші турында екінші орын неміс спортшысы Бен Звиехофқа бұйырса, үшінші сатыға “Astana Qazaqstan team” командасының та­ғы бір өкілі, колумбиялық Харольд Техада жайғасты.

Жер­лесі­міз жал­пы есепте де топ бастап келеді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp