«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮРМЕДЕГІ БІР КҮН

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/3 мекемесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанттарымен таныстыру сабақтары ұдайы өткізіліп тұрады.

 Оның барысында әскерилер жазасын өтеушілердің тұрмыс-жағдайын өз көзімен көріп, темір тордың арғы жағындағы өмірден хабардар болады. Курсанттарға сотталғандардың үй-жайы, жылжымалы және стационарлық бекеттер көрсетіледі. Сабақ барысында тыңдаушылар қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін реттейтін негізгі бұйрықтармен, нормативтік-құқықтық актілермен танысады. Өйткені Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының болашақ офицерлерінің оқу орнын бітіргеннен кейінгі қызметі түзеу мекемелерімен ұштаспақ. ЕС-164/3 мекемесінің басшылығы курсанттардың түрме тіршілігімен танысып, оның ішіндегі ахуалды өз көзімен көруі болашақ офицерлердің алдағы қызметіне көмектеседі деген үмітте. 

Сурет https://besplatka.ua сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp