«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮСІНДЕ КӨРСЕҢ ПЕРІШТЕ

Қызғалдақ көрсең мені ұқсат,

Киікке болып жүрмін ұқсас,

Түсіңде көрсең періште,
Мені ұқсат, оған мені ұқсат.
 
Мұнарланып тұрған сағымға
Жүгірме жете алмайсың,
Аққулар жүзген айдынға
Жолама көре алмайсың.
 
Жапанда тұрған бәйтерек,
Енді бүгін жолама
Сая болмайды көк терек,
Көрінер қайыңнан да ерек.
 
***
Мен жіберген тағдырдың,
Перзенті едім аяулы,
Бүгіндері сен салған
Жарадан жүрек қаяулы.
 
Жолың болып жүруші еді,
Бақытың саған күлуші еді,
Енді бүгін жолама,
Сұлулығын ен даланың тонама.
 
Ақ қайың да киік өзім едім,
Аққу болып көзіңе көрінемін,
Енді бүгін нұрымды алдың жинап,
Жан-жүректі осылай қойдың қинап. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp