«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮСІНІСТІКПЕН ҚАРАҢЫЗДАР

Құрметті петропавлдықтар және қала қонақтары! 9 қараша күні Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресей Президенттерінің қатысуымен XV өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді.

Форумға Қазақстан және Ресей Федерациясының өңірлерінен бір мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде. Өңірдің дамуына әсерін тигізетін туристік салада өзара ынтымақтасуға арналған халықаралық іс-шараның ауқымдылығын ескере отырып, облыстық полиция департаментінің жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшті.

Форум өтетін 9 қараша күні Жамбыл көшесі жабық болады. Басқа көшелерде автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылмайды. Осыған байланысты, өз бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап, облыс орталығы көшелеріндегі уақытша туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp