«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰЗ САСЫСА, НЕ СЕБЕМІЗ?!.

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты облыстық прокуратураның басқарма басшысы Андрей Бессоновтың үстінен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. Айыптаушы органның қызметкеріне көлікті мас күйде жүргізді деген кінә тағылып отыр. Оқиға былай болған: үстіміздегі жылдың 24 қазанында түн ортасында полиция қызметкерлері Уәлиханов көшесінде жиектастарға соғылып келе жатқан көлікті тоқтатқан. Тәртіп сақшылары рульде отырған прокуратураның лауазымды қызметкері А. Бессоновтың мас екеніне көз жеткізеді. Сол жерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сотта Андрей Бессонов өзінің кінәсін мойындамағанымен, медициналық тексеріс жүргізген нарколог дәрігер оның орташа дәрежеде мас болғанын растап, анықтама берді. Сот шешімімен Андрей Бессонов әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды. Осылай “Ет сасыса – тұз себеміз, тұз сасыса – не себебіміздің” кері келіп отыр.  

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp