«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰЗ ӨНДІРІСІ ӨРІС АЛАДЫ

“Жақсы Тұз Петропавл” жауап­кершілігі шек­теулі серіктестігінің бас директоры Ерік Әзе­нов бірнеше жылдан бері тиісті мекемелердің та­балдырығын тоздырып, әуре-сар­саңға түскен еді. Кә­сіпкерге 2016 жылдың сәуір айында Уәлиханов ауданындағы Теке көлінің маңындағы ас тұзын 25 жылға дейін өн­діруге мүмкіндік беретін ке­лісімшарт берілген. Бірақ осы күнге дейін жер телімін пайдалану құқығына қол жеткізе алмай келеді. 

“Бизнесті және инвестицияны қор­ғау” жо­ба­лық кеңсенің отырысында бұл мәселе тиісті мем­ле­­кеттік орган­дардың, прокуратура, эконо­ми­ка­лық тергеу қызметі, облыстық кәсіпкер­лер палатасы өкілдерінің қаты­суы­мен қайта қа­ралып, сұралып отырған жер телімінің шек­арасы өзгертіліп, облыстық әкімдікке екінші мәрте өтініш жіберілді. Нәтиже­сінде үстіміз­де­гі жылдың 14 қазанын­да өткен жер комиссия­сы­ның оты­рысында оң шешім шығарылды.
– Жобалық кеңсенің сыбайлас жемқорлық­қа қарсы күрес жөніндегі қызметкерлері кәсіп­керлермен бірге бизнесті іске қосудың барлық кезеңдерінен өтеді. Яғни, рұқсат құжаттарды алудан бастап, кәсіпорынды іске қосу және оның тұрақты жұмыс істеуі де бақылауда бо­лады, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық депар­таменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.
Өңірімізде 16 жергілікті және ше­телдік кә­сіпкерлермен 143,5 млрд. теңгенің келісіміне қол қойылған. Бүгінгі күні жобалық кеңсеге келіп, түйінді мәселесін айтатын кәсіпкер­лердің де қатары көбейген. Бір жыл­дың ішінде өңір кәсіпкерлерінен 54 өтініш түсті.

 

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігі облыстық

департаментінің баспасөз хатшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp