Астана күнінде өңіріміздегі Айыртау жане Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың тұрғындары зор қуанышқа бөленді. Себебі, облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тікелей атсалысуымен және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Володар станциясына “Қостанай-Қызылорда” бағытындағы “Тұлпар-Тальго” жүрдек пойызы тоқтайтын болды.
Осы жағымды жаңалыққа арналған салтанатты шарада аудан әкімі Ағзам Тастеміров пойыз қызметкерлері мен тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтап, сәттілік тіледі. Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігін Астана қаласы арқылы жалғастырып отырған бұл пойыз жұп күндері Володар станциясынан сағат 19.38 минутта аттанады. Енді аудан тұрғындары Қостанай, Астана, Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалаларына тез жете алады.
Жаңа вагондар жоғары жайлылығымен ерекшеленіп, соңғы технологияларды пайдалану арқылы жасалған. Қалдықтарды жинақтауға мүмкіндік беретін арнайы вакуумдық тазарту жүйесімен жабдықталған.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим темір жол бекетіне де аталмыш бағыттағы жүрдек пойыз тоқтайтын болды.
Бағлан ҚОЖАҚОВ,
журналист.