«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰМАУ АЛАҢДАТЫП ТҰР

Бүгінгі күні доңыз тұмауы әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Әсіресе, көрші Ресей, Украина елдерінде аталмыш сырқаттан бірнеше адамның көз жұмғанын естігеннен бері алып-қашпа әңгімелер көбейіп кетті. Бірақ мамандар біздегі жағдайдың тұрақты екенін айтады.

Бүгінгі күнге дейін облыста тұмаудың 16 оқиғасы тіркеліпті. Соның ішіндегі ең қатерлісі А(H1N1) түрімен 14 адам ауырған екен. Уақтылы дәрігерлердің көмегіне жүгiнген науқастар амбулаториялық ем қабылдағаннан кейін сауығып кетіпті. Ал В вирусы тұмаудың жеңіл түріне жататындықтан, дәрігер тағайындауынан кейін олар да дерттен құлантаза айығыпты. Сондай-ақ, өңірімізде тұмауға жатпайтын парагрипп, рес­пи­раторлық-синцитиалды, риновирустық және аденовирустық инфекциялар да тіркелген. Ал эпидемиологиялық маусым басталғалы, яғни 2015 жылдың 1 қазанынан бүгінгі күнге дейін 9 мыңнан астам тұрғын жедел респираторлық вируспен сырқаттанған.  

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Юрий Пузиковтың айтуынша, әуежай мен вокзалға тепловизорлар мен алыстан қызу өлшейтін құралдар орнатылған. Олардың көмегімен 3-5 метр қашықтықтан кез келген сырттан келген жолаушының дене қызуын анықтауға болады. Егер сырқат белгілері байқалса, онда ол бірден жақын маңдағы медициналық бекетке жеткізіледі.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp