«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰМАУ ӨРШІП ТҰРҒАН ЖОҚ

Бүгінгі күні облыс бойынша вирустық инфекция эпидемиологиялық шамадан аспаған. Дегенмен, лабораториялық зерттеу нәтижесінде облысымызда “A/H3N2” және “В” тұмау вирусының штаммдары байқалған. Ауырғандардың дені – 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың үлес салмағы 62,6 пайызды құрап отыр.

Облысымызда маусымдық тұмауға қарсы 68552 адамға екпе жасалды. Эпидемиологиялық аурудың алдын алу мақсатында медициналық ұйымдарда, мектептерде, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде дезинфекциялық шаралар қолданылуда. Бірақ білім беру ұйымдары қызметін тоқтатқан жоқ.  

Суық тиюдің алғашқы белгілері анықталғанда (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақтың ауруы) үй жағдайында өзін-өзі емдеумен айналыспай, медициналық көмекке жүгіну қажет.

Фарида МҰХАМЕДЖАНОВА,

облыстық тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp