«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрақтандыру қорына биыл 3 мың тонна ұн және 1,5 мың тонна көкөніс сатып алмақ

Солтүстік Қазақстан облысында 100 сауда орнында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына апта сайын мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Медет Оспанов брифингіде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға қатысты атқарылып жатқан жұмысты тоқталды.

Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау мақсатында мониторинг штабы құрылған. Аумақтық және жергілікті атқарушы органдарға 100 шақты сауда орыны бекітілген. Олар апта сайын Петропавлдағы және облыс аудандарындағы бағаға мониторинг жүргізеді. Қорытындысы бойынша кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы талдау жүргізіп, тауар қымбаттаған жағдайда оның себеп-салдары анықталады.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне 19 тауар кіреді. Соның 14-і бойынша тұрақтандыру қорына өнім сатып алынды. Барлығы – жергілікті тауар өндірушілерден алынған. Тұрақтандыру қорынан дүкен сөрелеріне қарақұмық, күріш, өсімдік майы, ұн, макарон өнімдері, қант, тұз, құс еті, картоп, қырыққабат, сәбіз бен пияз шығарылады. Биыл қорға 3 мың тонна ұн және 1,5 мың тонна көкөніс сатып алмақпыз», — дейді СҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Медет Оспанов.

Петропавлды сүт өнімдерімен жергілікті ірі сүт зауыттары қамтып отыр. Олардың бағасы тұрақты. Ал ұн, нан және макарон бағасын тұрақтандыру үшін облыстық әкімдік кәсіпкерлермен келісімге келді. Жұмыртқа да д әл осылай ж еткізіледі.

Бөлшек саудада қант пен сұйық май қымбаттады. Оған өндіруші зауыттардың бағаны өсіруі себеп. Мәселен Тараз бен Көксу қант комбинаттары келісін 285 теңгеден сатады.

«Бағаны тұрақтандырудың бір жолы – апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастыру. Әр сенбі сайын облыс орталығындағы үш базарда жәрмеңке өтеді. Өнім бағасы нарықтағыдан арзан. Сондай-ақ кей тауарға шекті баға қойылды. Мәселен сұйық май 562 теңгеден аспауы керек. Комиссия жұмыртқа, картоп пен қырыққабатқа осындай шекті баға енгізуді ұсынды. Жоба қаралып жатыр», — дейді Медет Оспанов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp