«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрмыс түзеліп келеді

Жамбыл ауданындағы Айым­жан ауылының 90 жылдан астам та­рихы бар. Күре жолдың бойын­да орналасқан елді мекеннің бір кездері атағы жер жарып тұрған еді. Тұрғындары еңбекте ғана емес, өнерде де талайды тамсандырды. Халық театрын білмейтін­дер кемде-кем. Өкінішке қарай, соң­ғы жылдары ауыл жүдеу тарт­қа­ны жасырын емес. Туған жер­дегі қарашаңырақты шайқалтпай, түтінін түтетіп отырған азаматтар екі қолға бір күрек таппай қалған кездер де болды.

Бүгінде ауылдағы жұмыссыздық мәсе­ле­сі біршама шешілген сыңайлы. Былтыр Айым­жан ауы­лына инвестор ретінде кірген Қуаныш Қошмұханов басқаратын “Жокей Агро” серіктестігіне атал­мыш ауылдың 49 тұрғыны тұрақ­ты жұмысқа қабылданды. Адал еңбек етіп, соған сай лайықты жа­лақы­сын алып отырған жұмыс­шы­лар қата­рында көрші орналасқан Пресновка, Пет­ровка және Свя­тодуховка ауылының тұр­ғындары да бар.

Аталмыш серіктестік биыл Айымжан ауы­лы маңындағы жал­пы аумағы 9312 гек­тарды құрай­тын егістік алқабына дәнді-да­қыл септі. Асан Бекназаров, Мәрлен Цеп­лов, Алек­сандр Краичинский мен Абзал Мұ­қашев бас­таған тапсырылған іске жауап­кер­шілік­пен қарайтын мамандар күндіз-түні егіс басында еңбек етіп, бір кездері жү­деу тартқан ауыл тұр­ғын­дарының тұрмысы түзеліп, жүздеріне күлкі кіре бастаған.

– Былтыр 4 мың гектар жерге ар­па се­біліп, күзгі орақ науқанын­да әр гектардан 11 цент­нерден өнім алынды. Сондай-ақ, 100 гектар алқапқа сұлы өсірілді. Сұ­лының ор­таша бе­рекелілігі 11 центнерді құрады. Өт­кен жылы серік­тестік жұмысшылары ас­тықты жауын-шашынға қалдырмай то­лық көлемде басты­рып алды. Былтырғы жылы жалпы сыйым­дылығы 2 мың тонналық ас­тық қоймасына және әкімшілік кеңсеге күр­делі жөндеу жұмыстары жүр­гізілді. Кеңсе жаны­нан сырттан келген жұмысшыларға арнал­ған жатын бөлмелер, асхана салын­ды, – дейді серіктестік басшысы Қуаныш Қош­­мұханов.

Үстіміздегі жылғы жоспар да ойдағыдай іске асырылуда, нақ­тылай түссек, бидай – 2318, арпа – 1582, бұршақ – 543, зығыр – 1064, бұрыш 620 гектар жерге се­білген. Бү­гінгі күнге дейін ауыл шаруашылығы жұ­мыс­тарын жүр­гізуге қажетті 20 шақты әр­түр­лі техника сатып алыныпты. Соны­мен қатар ұры-қарыдан сақтану мақсатында өндіріс орнына бей­не­бақылау камералары орнатыл­ды. Серіктестік басшысы хабар­ла­­ған­дай, биыл минералды ты­ңайтқыштар көп­теп сатып алы­нып, 3185 гектар алқапқа тыңайту шара­лары толықтай жүргізілген. “Ауыл тұрғында­рының алаңсыз еңбектенуі үшін жұмысшы­ларға әр айдың соңында жа­лақы төле­ніп, үш мезгіл ыстық тамақ тегін бе­ріледі. Бүгінгі күні механизатор­ларға тө­ленетін орташа еңбек­ақы мөлшері 130 мың теңгеге жетіп отыр”, – дейді серіктестіктің есеп­шісі Мерген Жүнісов.

Жылдар бойы игерілмей жат­қан жер­лер­ді қайта гүлдеткен се­ріктестік ауылдың қоғам­дық жұ­мыс­тарына да белсене қаты­сып, түрлі мерекелерді тойлауға де­меу­­ші­лік етіп келеді. Мәселен, Қарттар күні ауыл­дағы зейнеткер­лерге дастарқан жайып, мұқ­таж жандарға материалдық көмек көр­сетті. Айымжан ауылының көше­лерін бұрын қыс­та қар алып, бо­ранды күндері тұрғындар­ға жүріп-тұрудың өзі қиындық туғызатын. Жа­ңа инвестор кел­гелі ауыл азаматтары бұл проблеманы да ұмыт­ты. Қыс бойы ауыл­дағы қар­ды та­залауға екі техника бө­лінген. Серіктестік биыл Айымжан ауы­лын­дағы ма­шина-трактор база­сы­на және ас­тықты қай­та өңдей­тін ке­шен­ге күрделі жөндеу жұ­мыс­тарын жүргіз­бекші.

Жер-Анаға күтім жасап, атакә­сіпті да­мы­­туды қолға алған фер­мер көрші ауыл­дар­­да тұратын жұмысшыларын Айымжан­ға кө­шіріп әкелуді де жоспарлап отыр­ған жайы бар. Яғни, болашақта ауылда құры­лыс жұмыста­ры қар­қын алады деген сөз. Қазірдің өзінде жаңа үйлер салынуда. Мә­се­лен, өткен жылы “Оңтүстіктен – Солтүс­тікке” бағдарламасы ая­сын­да Айымжан ауылына үш от­ба­сы көшіп келгенін де айта кет­кен жөн. Қоныс аудару­шы­ларға арна­лып елді мекенде үш тұрғын үй салынған.

Игілік РАХМЕТОВ.

СУРЕТТЕ: серіктестік бас­шысы Қуаныш Қошмұханов жұмысшылармен бірге қыр­ман басында.

Жамбыл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp