«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ

Мемлекеттік рәміздер күні аудан орталығында “Айлана” атты шағын маркет ашылды.

Сауда-саттық орнында отандық өнімдер төмен бағамен сатылатын болады.

Шараға аудан әкімі, “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының төрағасы Ағзам Тастеміров қатысты. Шағын және орта бизнес – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс”, – деген лебізін айтқан аудан әкімі, осындай айтулы күні ауданда тағы бір сауда нысаны тұрғындардың игілігіне беріліп қана қоймай, қосымша жұмыс орны ашылғандығын атап көрсетті. Өз кезегінде сауда орнының иесі, жеке кәсіпкер Алмас Байғарин аудан басшылығының ауылды жерлерде кәсіпкерлерге әрдайым қолдау көрсететіндігіне тоқталып, ризашылығын білдірді.  

Жанат СӘБИТОВ.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp