«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ – НАЗАРДА

Облыс әкімі, “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов Айыртау ауданының орталығы – Саумалкөл ауылында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Өңір басшысына базынасын айта келгендердің бірі – аудан орталығының тұрғыны Кристина Наймантаева. Нәзік жан бірнеше жылдан бері пәтер кезегінде тұр екен. Нұрғайша Қазақбаеваның да мәселесі тұрғын үйге қатысты болды. Төрт баланың анасы бірнеше жылдан бері апаттық жағдайдағы үйде тұрып келеді. Аудан әкімі Бейбіт Исмановтың айтуынша, қазіргі уақытта аудан әкімдігінде 1047 адам пәтер кезегінде тұр. Саумалкөлде бос тұрған 891 пәтерлі 17 көпқабатты тұрғын үй бар. Бүгінгі таңда агротехникалық колледждің бұрынғы жатақханасына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жас отбасыларға беру мүмкіндігі қарастырылуда. Жобалық-сметалық құжаттама дайын. Бюджеттен жөндеу жұмыстарына 151 млн. теңге бөлінген жағдайда 29 отбасы баспаналы болады.
Тұрғындардың өтінішін жеке тыңдаған Құмар Іргебайұлы тиісті басшыларға тапсырмалар жүктеп, аудан әкімі Бейбіт Исмановқа әлеуметтік көмек сұраған азаматтарға мүмкіндігінше қолдау көрсету қажеттігін ескертті.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің келесі санынан оқи аласыздар. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp