«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫН ҮЙДІ ТҮГЕЛ ЖАЛМАДЫ

Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылында  тұрғын үй отқа оранып, көп балалы отбасы баспанасыз қалды.

           Сергеевка қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекендегі төтенше жағдай туралы хабар аудандық №20-өрт сөндіру бөліміне түнгі 3 сағат 43 минутта келіп түсті. Бөлімнің жеке құрамы “Алтын Астық KZ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еріктілерімен бірлесіп, тілсіз жауды 6 сағат 19 минутта ауыздықтады. Дегенмен, жалпы ауданы 90 шаршы метр аумақты шарпыған өрттің  салдарынан үй толық жанып кетті.

            37 жастағы әйел 4 баласын отқа оранған үйден шығарып үлгерген. Түрлі дене жарақатын алған 4-12 жас аралығындағы балаларға аудандық орталық аурухананың дәрігерлері медициналық көмек көрсетті. Бұл уақытта үйдің отағасы үлкен қызымен бірге  басқа қалада болған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp