«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰҚЫМДЫҚ АСТЫҚ ҰРЛАНДЫ

Жамбыл ауданындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінен 59 тонна бидай тұқымы қолды болған. Себуге әзірлеп қойған тұқым ұрлығынан 6 миллион теңгеден астам шығын келген. Белгілі болғандай, қаскөйлер бейнекамераларды алдын ала өшіріп тастаған екен.

Кәсіпорынның 1964, 1965 және 1989 жылы туған үш жұмысшысы мен 56 жастағы жергілікті кәсіпкер күдікке ілікті. Кәсіпкер алдымен уақытша ұстау изоляторына қамалғанымен, кейін кепілдік бойынша босатылды. Қалған үш күдікті ешқайда кетпеу туралы міндеттеме алды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрланған тұқым тиелген үш “КамАЗ” көлігі тәркіленіп, қолды болған бидай иесіне қайтарылды.

Тәртіп сақшылары сәуірдің 27-сінен бастап “Астық” жедел-алдын алу шарасын өткізуде. Көктемгі егіс науқанында ұрлықтың жолын кесу үшін құрылған жедел топтар айналма жолдарды патрульдеп, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдаушылардың құжаттарын мұқият тексереді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp