«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘЖІКСТАНҒА ЭКСПОРТ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Өңірімізге жұмыс сапарымен Тәжікстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайрулло Ибодзода келді. Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбекпен өткен кездесу барысында екіжақты іскерлік қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастық байланысты дамыту жайы айтылды.

Екі жақтың іскерлік байланысының арқасында бүгінде сауда айналымының көлемі 10 пайызға артып отыр.
Үстіміздегі жылдың басынан бері өңіріміздің Тәжікстан елімен сыртқы сауда айналымы 1951,05 мың АҚШ долларын құраған. Қызылжар өңірі бұл сомаға Тәжікстанға көкөніс, зығыр, бидай және ұн жөнелтті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Тәжікстан еліне экспорт көлемі 11,4 пайызға артқан.
Кездесу барысында екі жақтың өкілдері алдағы уақытта да өзара байланысты нығайта отырып, іскерлік, гуманитарлық-мәдени қарым-қатынасты дамытуға уағдаласты.
Осы күні Тәжікстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайрулло Ибодзода облыс орталығында орналасқан тарихи-мәдени орындарды аралап, Қызылжар өңірінде тұрып жатқан тәжік этносы өкілдерімен кездесті.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,
“Soltústik Qazaqstan”.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp