«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ

Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінде “Төтенше жағдайлардан қорғау” мамандығы бойынша 19 оқушы білім алуда. Тәуекелі мол әрі қиын мамандықтың қыр-сырына қанығып жатқандардың арасында Диана Жәкенова және Александра Екимова сынды қыз балалар да бар. Шахрам Тошев осы кәсіпті игеру үшін сонау Өзбекстан Республикасынан келіпті.

Аталмыш оқу орнының тәрбиеленушілері биыл шілде және қыркүйек айларында Суда құтқару қызметінде технологиялық тәжірибеден өтті. Өндірістік тәжірибе кезінде олар Суда құтқару қызметінің жұмысымен, жүзу құралдарының түрлерімен танысты, суда зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге дағдыланды. Оқушылар Есіл өзенінің жағажай аумағында демалушылармен әңгімелесу, жаз уақытында суға түсудің ережелері туралы жаднамалар тарату сияқты суда құтқару қызметі өткізетін алдын алу шараларына белсене қатысты. Тәжірибеден өту кезінде болашақ мамандар өздерін білуге құмар, мақсаткер және ұқыпты шәкірт ретінде танытып, технологиялық тәжірибеде “4” пен “5” деген бағаға ие болды. Топтағы екі қыз бала ең жоғары бағаға қол жеткізді.

Муршида ОБОЗНОВА,

  Суда құтқару қызметінің медбике-құтқарушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp