Есіл өзеніндегі №1 құтқару станциясында облыстық полиция департаментінің мамандандырылған жедел әрекет ету жасағының қызметкерлеріне арналған тәжірибелік жаттығу өтті. Оған облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің бастығы, құтқарушы Сергей Черкасов пен тәртіп сақшыларынан құралған жасақтың өкілдері қатысты.
Осы шара барысында мекеменің жасақ бастығы мен бас құтқарушы Марат Бекенбаев полицейлерді суда жүзуге және судың астында белгі берудің қыр-сырына үйретті. Бұл жаттығулар тәртіп сақшыларына төтенше және жедел әрекет етуді қажет ететін жағдайларда зор септігін тигізбек.