М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да органикалық өнім өндіруге арналған халықаралық онлайн-семинар өтті. Жиынға жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылары ғана емес, еліміздің фермерлері, Литва мен Израиль елдерінен агробизнес өкілдері қатысты.
Диқандар органикалық өнімдер өсіру отандық шаруалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын мойындады. Себебі, оны игергендер елдің экспорттық әлеуетін де арттырары белгілі. Озық технологияны меңгергендер әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісті. Ал шетелдік диқандар органикалық өнімдерді сертификаттау, биоөнімдер үшін өсімдіктерді қорғау техникасы мен технологиялары туралы айтып берді. Семинарға қатысқан ғалымдар аталған тақырыптағы ойларын ортаға салып, органикалық өнімдерді өндіру кезінде ғылым жетістіктерін қолдану тәжірибесі туралы баяндады.
Семинар соңында израильдік “Boris Bordman” компаниясының өкілі жоғары оқу орнының студенттеріне өсімдіктерді қорғау бойынша дәрістер өткізуге ниет білдірді, ал “Диқаншы” фирмасы органикалық өнімдер өндірісінің барысын көрсететін болды.
Диана ХАЛИМОВА,
М.Қозыбаев атындағы СҚУ
медиаорталығының
бас редакторы.