«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ІСКЕРЛІКТІ ЖЕТІЛДІРЕДІ

Үздіксіз білім беру кәсіби және әлеуметтік ортада адамдардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын үнемі жетілдіруді білдіреді. Осы бағытта Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында деңгейлік бағдарламалар орталығы тренерлеріне арналған тәжірибе алмасу шарасы өтті.

Атаулы мектепте екі күн бойы шеберлік сыныптары, ашық сабақтар, коуч-сессиялар өткізіліп, өз тәжірибелеріндегі оқытудың жаңашыл әдістемелері мен технологиялары туралы дәрістер оқылды. Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Глобальные перспективы”, “Казахстан в современном мире” пәндерінің маңыздылығын, тілдік ортаға енгізу әдісіндегі, командалық оқыту мен “Lesson study” әдісімен өткен зерттеу сабақтарында болып, дарынды балаларды оқытудың озық тәжірибелерімен таныстық. Математика пәндерінде Tarsia, Omnigraph, Algebrator, т.б. бағдарламаларын қолданудың тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдесе, шетелдік әріптестер командалық оқытудың мұғалімдер және оқушылар үшін артықшылықтарын практикалық тапсырмалар беру арқылы үйретті. Сонымен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектебінде тәрбие жұмыстарының ерекшеліктерімен танысып, әртүрлі бағыттарда жүргізілген оқушылардың жобалық жұмыстарына тәнті болдық.

Тәжірибе алмасу нәтижесінде әрбір тренер алдағы уақытта деңгейлік курстарда облыс мұғалімдерін оқыту әдістемесін жетілдірудің басым бағыттарын және жалпы білім беретін мектептерде қандай өзгерістер қажеттілігін анықтады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін меңгеру тренерлердің кәсіби шеберліктерін шыңдауға көмектесті.

Өткізілген маңызды шара барысында тренерлер, мұғалімдер бір-бірімізбен кездесіп, ой бөлісіп, тәжірибе алмастық, жаңа білімді үйрендік. Ал бұл әрқашан дамуға импульс береді. Біз үшін бұл шара кәсіби тұрғыдан өсуге, оқуда және оқытуда өзгерістер енгізуге, жаңа мақсаттар қойып, алға тағы да қадам жасауға берілген мүмкіндік және міндет деп түсінеміз.

Балғаным ОСПАНОВА,

“Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалының

деңгейлік бағдарламалар орталығы тренері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp