«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

№1 Саумалкөл орта мектебі аумағындағы хоккей алаңында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған “Денсаулық қаңтары” атты спорттық-сауықтыру шарасы өтті. Шара аясында мұз айдынында көркем сырғанаудан би кеші ұйымдастырылды.

Шараға Айыртау ауданындағы жастар бастамалары орталығының қызметкерлері ұйытқы болды. Акцияға қатысушыларды аталмыш орталықтың жетекшісі Алмас Қоспанов құттықтап, бұл үстіміздегі жылы ширек ғасыр толғалы отырған ел Тәуелсіздігіне арналған іс-шаралардың бастауы екендігін атап өтті.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы жастар екенін айтып, сіздерге зор сенім білдіріп отыр. Біз Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын табанды түрде ел өміріне енгізуіміз қажет. “Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім жобасы” сіздерге арналған, – деген Алмас Қоспанов жастарды елімізде болып жатқан жаңашылдықтарға белсене қатысуға, тек жетістіктерге жетіп, айтулы мерекені толайым табыстармен қарсы алуға шақырды.

Аталмыш шараның өткізілетіндігі жайлы әлеуметтік желілер арқылы хабар таратылып, оған аудан орталығындағы №1 Саумалкөл орта мектебі, №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы, Саумалкөл қазақ орта мектебі, Саумалкөл агротехникалық колледжі және ауданымыздың басқа да белсенді тұрғындары қатысты.

Мақпал ӘЛМАҒАНБЕТОВА,

журналист.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp