«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЗОР ШАРА

Петропавлдағы ЕС-164/3 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер арасында шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Сотталғандар өлең жазу, сурет салу және қардан мүсін жасаудан сынға түсті.

Қыс тақырыбына арналған байқауға сегіз жасақтың 30-ға жуық сотталушысы қатысты. Олардың туындыларын бейнелеу өнері мұражайының маманы, ақындар, журналистер және ата-аналар өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады.

Қазылар алқасы ақылдаса келе қабырға газетін салғандар арасынан бірінші орынға 4-ші жасақтың мүшелері В.Козлов, Д.Завалеев және С.Құрбанбаевтың ұжымдық жұмысын лайық деп тапты. Жазасын өтеушілер арасында өлең жазатындар да бар. Солардың бірі Т. Берікболов деген сотталушы байқауда өзінің жыр шумақтарын оқып беріп, бас жүлдеге ие болды. Қардан мүсін жасауда үшінші жасақ үздік шықты.  

Тәрбиелік маңызы зор байқау жазасын өтеушілердің бостандыққа шыққан соң теріс жолға түспей, отбасыларымен табысып, бақытты өмір сүрулеріне сәл де болса ықпалы тиер деген үміттеміз.

Нұржан ШАЯХИН,

ЕС-164/3 түзеу мекемесінің

тәрбие ісі бөлімі бастығының

 міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp