Баланың ой-өрісін дамытып, қиялдарына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Ал ұстаз кітап, газет оқымаса, қайтіп шәкірт тәрбиелейді? Бала тәрбиесі – ұлт тәрбиесі екенін ескерсек, газет сол тәрбиенің құралы екенін ұжымға үнемі айтып отырамын. Биыл да тағылымға толы абыз басылымға ұжым болып жазылдық.
Тәуелсіз еліміздің жастары да білімнің кілті кітап пенен газетте екенін терең түсінсе деймін. Ата-бабадан мұра болып жеткен асыл құндылықтарымыздың қадірін білейік.
Алтын СЕЙІТОВА,
“Аққайың” балабақшасының меңгерушісі.