«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРТІПТІК ІСТЕР ҚАРАЛДЫ

 

Облыстық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында 6 мәселе қаралды. 

Жиында алдымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев өңірімізде 2016-2019 жылдарға арналған “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Одан кейін облыстық әділет департаментінің басшысы Мақсат Сатыбалдин ведомствода сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген ішкі талдаудың қорытындысын мәлім етті. Ал Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Динара Анафина жергілікті атқарушы органдардарда қызметтік тәртіпті нығайту жұмысы жайлы баяндама жасады. Оның айтуынша, биыл ауданның екі маманы  мемлекеттік қызметтің абыройына ңұқсан келтіргені үшін жұмыстан шеттетілген.

Кеңес соңында Есіл аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бақыт Исмағұловқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы аптадағы нөмірінен оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp