«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРТІП БҰЗҒАНДАРҒА ЖАЗА БАР

Полиция қызметкерлері солтүстікқазақстандықтарды жүріп-тұруды барынша шектеуге шақырады. Үйден тек аса қажет болған жағдайда ғана шыққан жөн. Дүкенге, дәріханаға барған кезде кем дегенде 2 метр арақашықты сақтау керек. Сонымен қатар қоғамдық орындарда үш адамнан артық болмағаны жөн. Бұл талаптар Солтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген.

Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин тәртіпке бағынбағандарға әкімшілік шаралар қолданылатынын ескертті. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 476-бабы бойынша ескерту, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруіне тыйым салынды, сондай-ақ 65 жастан асқан адамдарға үйде оқшауланған абзал. Сонымен қатар, көрші-көлем, дос-жаран мен туған-туысқандарының, әріптестерінің қонаққа келуін шектеген жөн. Тұрғындарды ақпараттандыру үшін полиция қызметкерлері мобильдік жылжымалы хабарлау құралдарын пайдалануда. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp