«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРТІП – НАЗАРДА

Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар қылмысының өсуіне жол бермеу. Айыртау ауданындағы Бірлестік орта мектебінде мұндай келеңсіздік пен тәртіпсіздікті болдырмауға баса назар аударылады.

Оқу жылының басында осы бағыттағы жұмыстармен айналысатын кеңес құрылды. Жасөспірімдердің сабақтан себепсіз қалуын, кешкі уақытта ата-аналарының қарауынсыз жүруін бақылау мақсатында кезекшілік ұйымдастырылды.
Бұл жұмыстарға кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің ісі жөніндегі инспектор Ботагөз Жахина белсене араласады. Тақырыпқа сай әңгіме, түсіндіру жұмыстары, сынып сағаттары тұрақты түрде жүргізіледі.

 

Азамат ҚАСЫМОВ, мектеп психологы.
Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp