«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫМЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС


“Полиция департаментіне қызметке қалай орналасуға болады?”, “Тәртіп сақшыларының заңсыз әрекетіне қайда шағымданған жөн?” Полиция бөлімшелерінің өкілдері мен әлеуметтік желілерді пайдаланушылар арасындағы тікелей байланыс барысында осы және басқа да сұрақтар талқыланды. 

Облыстық полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Арман Атанов өңіріміздегі ішкі істер органдарының қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы айтып берді. Полиция өкілінің айтуынша, биыл сыбайлас жемқорлыққа қатысты бес оқиға тіркеліп, кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар олардың басшылары да тиісті жазасын алды. 

Әлеуметтік желілердің пайдаланушылары қойған 30-ға жуық сауал тәртіп сақшысы болу үшін үміткерге қандай талаптар қойылатыны және қызметтің шарттары туралы болды. Департаменттегі кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция полковнигі Наталья Калининаның айтуына қарағанда, бүгінде Ішкі істер министрлігі бекіткен стандарт бар. Сонымен қатар ол бұл саладағы өзгерістер туралы да айтып берді. Атап айтқанда, жалақы мөлшерін көбейту, тұрғын үй төлемдері және патрульдік полицияда жұмыс істейтін қызметкерлердің сержанттық құрамнан офицерлік деңгейге ауыстырылғаны туралы айтылды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp