Облыстық ішкі істер департаменті мен қалалық ішкі істер басқармасының басшылығы “Мектепке жол” акциясы аясында бірнеше отбасына арнайы барды. Өз қамқорлықтарына алған отбасылардың мектеп жасындағы балаларына киім-кешек пен оқу құралдарын табыс етті. Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметкерлері жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне де барып, көмектерін көрсетті.
Әлия Қарабаева 8 жастағы Әминасын жалғыз өзі тәрбиелеуде. Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Берік Біләлов Қарабаевтар отбасына келіп, оқу құралдарын, мектеп формасын табыстады. Мұндай сый-сияпатты көрген бүлдіршіннің қуанышы қойынына сыймады.
Полицейлер оқушыларға қажетті заттарды сыйлап қана қоймай, оларға қауіпсіздік шаралары туралы да айтып берді. Мұндай қайырымдылық шараларынан басқармалар мен аудандық ішкі істер бөлімдерінің басшылары да шет қалған жоқ.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз
қызметінің аға инспекторы.