Көктемгі тасқын кезінде кәсіби шеберлік, төзімділік танытқан полиция қызметкерлеріне облыстық ішкі істер департаметінде құрмет көрсетілді.
Тасқын басталған күннен тәулік бойы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалап қана қоймай, зардап шеккен облыс тұрғындарына барынша көмек көрсеткен 200-ден астам полицей түрлі марапатқа ие болды. Олардың ішінде «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалінен бастап, Ішкі Істер министрлігінің алғыс хаттары мен грамоталары, ақшадай сыйлықтар болды.