Облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай хоккей мен үстел теннисінен сайысқа түсті. Спорттық шараға қалалық ішкі істер басқармасы мен аудандық ішкі істер бөлімдерінің 10 құрама командасы қатысты.
Хоккей жарысының қорытындысы бойынша есілдіктерден 6:1 есебімен басым түскен уәлихановтықтар үшінші орынға табан тіреді. Екінші орынға Тайынша мен Аққайың құрамалары ие болды. Ал М. Жұмабаев ауданының тәртіп сақшылары екінші жыл қатарынан жеңістің бірінші сатысына көтеріліп, жеңімпаз атанды.
Уәлиханов ауданының полицейі Марат Рахимов – “Үздік қақпашы”, есілдік Александр Бажмин – “Үздік қорғаушы”, ал мағжандық тәртіп сақшысы Виктор Соколов “Үздік шабуылшы” атанды.
Үстел теннисінен сынға түскен ардагерлер арасында отставкадағы полиция полковнигі Александр Малый жеңіске жетті. Марат Рахимов екінші болса, Жанат Сәрсенбаев үшінші болды. Жалпыкомандалық есепте әкімшілік полициясы басқармасы бірінші орынға ие болды.
Ольга ШИЯН,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.