Облыс орталығында «Тойота» маркалы автокөліктің жүргізушісі жолда жүру ережесін бұзғанымен қоймай, полицейлерге қарсылық танытты.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан «Тойота» маркалы автокөлік жүргізушісінің тәртіп сақшыларынан қашпақ болғанда, олардың бірін соғып кете жаздағаны байқалады. Оқиға Әуезов және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында болды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізушіге үш әкімшілік бап бойынша хаттама толтырылған. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің «Билік өкілдеріне қарсы күш қолдану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.